Болашақ мамандарға зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері түсіндірілді

(0 Votes)

Атырау қаласында жастар арасында есірткі құқықбұзушылығының алдын алу, зиянды әдеттердің таралуына жол бермеу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жалғасуда.

Аталған бағыттағы кезекті кездесу Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға Есірткі құқықбұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңес мүшесі және «Жаңғыру» оңалту орталығының директоры Асқар Ізбасаров пен консультант аддиктолог Аслан Мұсағалиев қатысып, Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында болашақ мұнай-газ саласының мамандарына есірткінің қоғамға, адам денсаулығына және болашақ өміріне тигізер зияны жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, есірткіге байланысты құқықбұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік, оның салдары мен алдын алу жолдары талқыланды. Іс-шара соңында Кинологиялық қызмет орталығының кинолог-инспекторы қызметтік иттердің көмегімен есірткі заттарын жасырын тығылған орындардан табу тәсілдерін тәжірибелік түрде көрсетті. Көрсетілім барысында арнайы үйретілген иттердің жоғары дайындығы мен жедел әрекеті жастардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Мұндай профилактикалық кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. 

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT