Тиімді қатынас – өркендеу жолы

(0 Votes)

Ресей Федерациясы біз үшін іргелес көрші ғана емес, сонымен қатар, маңызды нарық, стратегиялық әріптес. Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде көрініс тапты.

«Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты ІІ Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысы сұрақ-жауап форматында өтті. Мемлекет басшысы ЕАЭО -ның негізгі қағидаттарын еске салып, одаққа мүше елдер үшін экономикалық, индустриялық, сауда бағыттары күн тәртібіндегі негізгі мүдделер ретінде қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ, экономикалық интеграция — бұл өз алдына мақсат емес, ол экономиканы дамытудың және қатысушы мемлекеттер халықтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды құралдарының бірі екенін түсінуіміз қажеттігіне тоқталды. Мысал ретінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Беларусь пен Ресейдің одақтастастығын, екі елдің өз мүдделеріне нұқсан келмей бірге дамып, өркендеп келе жатқанын алға тартты. Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындаудың қажеттілігі мен орындылығына назар аудартты. Президентіміз мұның бәрі берік негізделуі қажеттігін, іргетасы неғұрлым мұқият болса, ғимарат соғұрлым берік шығатынын атап көрсетті. Ол үшін Одақ туралы шартты толық көлемде іске асыру негізгі мақсат болып қала береді. Форумда екі арасындағы экономикалық тиімді қарым-қатынастар жаңа қарқын алатыны айқындалды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика