Тұңғыш Президент – Елбасы

(0 Votes)

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасында алғашқы жалпы халықтың президенттік сайлау өтіп, Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 98,7% қолдауына ие болды.

Әр төрт жыл сайын қайталанған президент сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлы ел қалаулысы болып сайланып, елдің үлкен сеніміне ие болды. Қазақстан мемлекетін 28 жыл басқарып, 2019 жылдың наурыз айында ел басқару тізгінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырған болатын. Елбасымыздың еліміздің болашағы мен дамуына қосқан елеулі еңбектері қашанда ел есінде. Ел басына күні түскен қиын қыстау сәттерде билікті өз қолына алып, ұлты, жері, елі үшін ең ұтымды шешімдер қабылдап, Елбасы деген атағын үлкен абыроймен атқарған азамат. Бұл кісінің еліміздің бірлігі мен татулығы, баға жетпес құндылығымыз-тәуелсіздігіміздің баянды, тұрақты болуына, алпауыт ірі мемлекеттерге Қазақстанның мәртебесін жоғары деңгейде көрсете білуіне орасан еңбегі сіңді. Ел басқарудағы біліктілігі мен алдын ала болашаққа болжам жасап, әр сала бойынша зерделеп, қала, ауыл азаматтарының тұрмыс-тіршілігіне алаңдап, жыл сайынғы халыққа жолдауында Үкіметке тапсырма беріп, қатаң талаппен қадағалап отырды.

Менің өмірімдегі есте қаларлықтай айтулы оқиғаның бірі – ол Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесуім. 2010 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік саясат департаментінде басшылықта жүріп, қосымша «Nur Otan» партиясы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметін атқардым. 37 кен орында 6000 нан астам мұнайшы қызмет жасаса, соның 2700 «Nur Otan» партиясының мүшесі болатын. Сол жылы қыркүйек айында Ақтөбе қаласында батыс өңірдің төрт облысына арналған «Nur Otan» партиясының өңірлік Жоғарғы партия мектебі ашылып, соған алғашқы оқушы құрамында дәріс алдым. Қыркүйек айының 14 күні Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев іс-сапарымен Ақтөбе облысында болды. Осыған орай, Жоғарғы партия мектебінің салтанатты ашылуына Елбасы қатысып, лентасын қиды. Жоғарғы партия мектебі басшылығы дәріс алып жатырған оқушылар арасында төрт облыстан 14 бастауыш партия ұйымы төрағаларын Н.Ә.Назарбаевтың кездесуіне апарды.

Әр қайсымызды Елбасы алдында сөйлесуге дайындады. Әрине, кездесуге қатты толқыныспен барғанымыз рас, бірақ Нұрсұлтан Әбішұлының жылы жүзі мен қарапайымдылығы, сөз сөйлеген әр саланың азаматтарына қойған сауалдары, әр салада ел көлемінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып сөйлеушіге дем беріп, бұрыннан етене таныс адамдай әңгімеге тартып отыруының өзі-Елбасының жан-жақты білікті, ұшқыр ойлы, еліміздің болашағына алаңдап, алға апарар үлкен жоспарлары бар басшы екенін көрсетті. Елбасы, «Nur Otan» партиясынының төрағасы ретінде әрқашан партияның халық үшін атқаратын жұмыстарына бағыт бағдар беріп, партияның партияішілік тәртібі мен талаптарын, сайлауалды бағдарламасы «Нұр Отан: Нұрлы болашақ жолында» атты партияның саяси доктринасының орындалуын өз назарынан тыс қалдырмады. «Nur Otan» партиясы бүгінгі күні-нағыз нақты істер партиясына айналып, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүргені іргелі партия. Желтоқсан айының бірінші жұлдызында тойланатын еліміздегі үлкен мерекелік күн – Тұңғыш президент күнімен барлық аудан тұрғындарын құттықтай отырып, әр отбасыға амандық толағай табыстар тілеймін. «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

Ө.Есенғазиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521