Шаруалар мұқтажы шет қалмады

(0 Votes)

Бүгінде Маңғыстаудың жайы көпке мәлім.

Ондағы төрт-түліктің біршама шығынға ұшырап, жем-шөпке жарымай жатқандығынан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардармыз. Аптап ыстықтан белең алған қуаңшылық тек көрші облыстың ғана емес, барша қазақстандықтар үшін түйткілді мәселе. Оған ел болып көмек қолын созғанымен де орын алған жағдайдың ұзаққа бару-бармасына ешкім кепілдік бере алмайды. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай елең етер жағдайды өзекті деп танып, "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауында ауылшаруалық саласындағы бірқатар проблемаларға тоқталып өтті. Яғни, мал шаруашылығы саласында әлі де түйткілді мәселелер бар екендігін ашып айтты. Сол үшін жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту керектігін, сондай-ақ егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, шаруалардың мал жаятын жерге зар боп жүргендіктерін де тілге тиек етті.

Ел басшысы оның себебін көптеген беделді тұлғалардың жайылым алқаптарын иемденіп алғанымен түсіндірді. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Сондықтан ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.

Үкімет құзырлы органдармен бірлесе отырып, осы ахуалды өзгертуге батыл шаралар қабылдап, шаруалардың құқықтық мәртебесі және көрсетілетін қолдау тәсілдері "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" бөлек заңда көздеуді міндеттеді. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Мемлекет басшысының артқан тапсырмасын үкімет бұл заң жобасын өте қысқа мерзімде әзірлеуі тиіс. Жалпы Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы кезеңнің жүгін көтеретін келелі мәселелерге толы. Әрбір сала сұрыптаудан өтіп, қайткен күнде елдің жағдайын, халықтың әл-ауқатын жақсарту көзделген. Бұл – біздің дамуымыз.

 

Есболат Құбашев, аудандық фермерлер одағының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521