Сенімдеріңіз – маған аманат

(0 Votes)

Мемлекет басшысының 2023 жыл 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауын тағайындау туралы Жарлығы шыққаннан кейін, аудандық мәслихатқа депутат болуға шешім қабылдадым. 

Бұл сайлауға мен №5 бір мандатты сайлау учаскесінен түскен едім. Кәсіби білімім ауданымыздың жүйелі мәселелерімен айналысуға мүмкіндік береді деп ойлаймын, сайлауалды бағдарламам тұрғындардың барлық мәселелерін ескере отырып жасалды.

Алдағы уақытта біз жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды оқыту, жастар тәжірибесін ұйымдастыру, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы азаматтардың әл-ауқатының артатынын көріп отырмыз. Сенім мен ыстық ықыластың арқасында сайлауда бағымды сынап, жеңіске жеттім. Өзіме артылған міндеттерді мүлтіксіз орындап, өзекті мәселелерді шешуді талқыланбайтын парызым деп білемін.

Құрметті жерлестер! Біздің болашағымыз, ауданымыздың болашағы әрқайсымызға байланысты. Біз күш біріктіргенде ғана ортақ қиындықтарды жеңе аламыз!

Сіздердің сенімдеріңіз маған аманат! Мен ел сенімін ақтаймын деп уәде беремін! Менің туым – Әділет!

Болатбек Өтегенов,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521