Сайлауалды штабтың отырысы өтті

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалында сайлауалды штабтың отырысы өтті.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев:

– 15 адамнан штаб құрылды. Бұған дейін «Nur Otan» партиясы іріктеуіне еліме, туған жеріме қызмет етсем, өркендеуіне үлес қоссам деген адамдардың бәрі қатысты. Ешқандай шектеу болған жоқ. Праймеризге 45 адам түсіп, 36-сы аяғына дейін бағын сынады. Бәрі де басқару жүйесінен аз да болса мәлімет алды. Алға қарай осылай істесем деген мақсат қойды. Бірінші рет қатысқандар халықтың алдына шығып сөйлеуді үйреніп, мұң-мұқтажымен танысты. Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы депутаттардың 30 пайызы әйелдер, 25 пайызы жастар болуы керектігін айтты. 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламамыз бар, күні кеше партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің алдында қорғап келдік. Қазір 26 адам партиялық тізімге еніп тұр. Үйлестіру штабы соларға бағыт-бағдар береді. Сіздерге үлкен үміт артып отырмыз. Үгіт-насихат жұмыстары 10-шы желтоқсаннан 2012 жылдың 9-шы қаңтарына дейін жүреді, - деп алға қарай жасалатын жұмыстардан хабарлама жасады.

Сонымен қатар сенім білдірілген адамның және мәслихаттың депутаттығына кандидаттың жадынамасын таныстырды. Әрбір үміткермен тікелей байланыста болу үшін «WhatsApp» әлеуметтік желісінде «Кандидаттар» деген топ ашылғанын, сонда кім, қашан, қайда кездесуге баратыны жасақталған кесте салынғанын қаперге берді. Штаб отырысы барысында оған қатысып отырған, осындай жұмыстардың басы-қасында жүрген Өмірзақ Қажымғалиев, Таңатар Дәрелұлы, Орынғали Құмарғалиев сияқты ел ағаларының, сайлауға түсетін кандидаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

129514031_1216705108714911_7210194826921795525_o

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521