Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы өз мәресіне жетті.
Таңертең 7. 00 мен кешкi 20.00 арасында өткен сайлауға елiмiздiң барша азаматтары сияқты құрманғазылықтар да белсенді түрде қатысып, өз таңдауын жасады. Аудан орталығында орналасқан N 170 сайлау округі жабылды. Комиссия мүшелері сайлау жәшiктерiн төгiп дауыстарды санауға кiрicтi.