Құрманғазы ауданы бойынша 36 учаскелік, 1 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс жасайды, 34787 сайлаушы бар. Учаскелік сайлау комиссияларында – 226, аумақтықта – 7, барлығы – 233 комиссия мүшесі жұмыс жасайды. 57 комиссия мүшесі қоғамдық бірлестіктерден (24,5%), 176 комиссия мүшесі саяси партиялар бойынша ұсынылған.
Оларды оқыту бойынша тоқталсақ, 12-14 қазан аралығында «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары (барлығы 79 адам) 2 күн онлайн, 1 күн оффлайн сабақтан өтіп, тиесілі сертификаттар алды. Қалған мүшелері Орталық сайлау комиссиясының сайты арқылы учаскелік сайлау комиссияларын қашықтықтан оқыту және тестілеуден толық тестіден өтіп сертификатталды. Сайлау заңдылықтарын түсіндірулер жөніндегі арнайы оқулар ұйымдастырылып, сайлау учаскелерінде ақпараттық стенділер жасақталды.
Ауданда комиссия мүшелері түгел мәслихатпен сайланған. Комиссияның 22-сі мектептерде, 12-сі мәдениет үйлерінде және 2-сі балабақшада орналасқан. Сайлауға байланысты барлық учаскелер лупа, құлаққап, тактилдік лента, т.б. құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Басқа да керек-жарақтар берілді. Облыстан келген материалдар (үгіт материалдары, плакаттар, т.б) сайлау учаскелеріне таратылды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыш жасақталып, ондағы компьютерлерге видео, аудио жазбалар, «дауыс беру күні» туралы видеофильм құйылды. Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған жасырын дауыс беру кабиналары бар.
Сайлау науқанында ерекше жағдайларды қажет ететін:
Арбаға таңылған азаматтар – 17;
Зағип жандар – 144;
Есту қабілеті нашар азаматтар – 56
Барлығы 217 мүмкіндігі шектеулі сайлаушы тіркелген.
Сайлау учаскелерінде МШЖ үшін бейімделген компьютер, үстел шамы, лупа, құлыққап қойылды. 36 сайлау учаскесінде пандус бар. Барлық дауыс беру орындары бірінші қабатта орналасқан. Аудан бойынша 36 сайлау учаскелері бейімделген қолжетімділіктің интерактивті картасына салынған, мүгедектерге 2 инвотакси қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда аудан бойынша 36 сайлау учаскесінде кабиналар құрылды. Шақыру билеттері толықтай таратылды. Барлық сайлау учаскелері ақпараттық стендалармен және қажетті материалдармен түгелдей қамтылды.
Құрманғазы аумақтық сайлау комиссиясы