АСТАНА. ҚазАқпарат – Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров елорданың 393 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Партия басшысы дауыс беруге ұлттық киіммен келді. Қасында партияның тең төрағасы Динара Шүкіжанова бар. Мәжіліске барлығы 98 депутат сайланады.
Оның 70 проценті, яғни 69 орын пропорционалдық жүйемен 5 пайыздық межеден өткен саяси партиялардың тізімі бойынша сайланады. Ал, қалған 30 процент, яғни 29 орын бір мандатты округтерден сайланатын депутаттарға беріледі.
Астана, Алматы, Шымкент және 17 облыстың мәслихаттары сайлауында партиялық тізім және бір мандатты округтердің арақатынасы 50/50 болады. Ал, қалалық, аудандық мәслихаттар 100 пайыз бір мандатты округтер арқылы сайланған депутаттардан тұрады.