Бақылаушының пікірі оң

(0 Votes)

Референдум аяқталуға екі сағат қалды. Осы ретте, №180 референдум учаскесінде 1500 -ден астам тұрғын дауыс беріп үлгерді. Таңғы сағат 7-ден бері референдумның өту барысын қадағалап отырған бақылаушы Алтай Тойлыбаев референдумға жан-жақты хабардар болып келген тұрғындар сауаттылықпен дауыс беріп жатқанын хабарлады.

7364e8c9-b7e4-4115-9446-879d2c166d8c

Сонымен қатар, Ақкөл ауылдық округіндегі №181 референдум учаскесінде де дауыс беру талапқа сай өтуде. Мұнда 800-ге жуық ақкөлдік өз таңдауын жасапты. Халық дауыс беруге жақсы көңіл күймен келуде дейді аталған учаске бақылаушысы Сәлімжан Ғалымжанұлы. "Тұрғындар өз еркімен, еш қысымсыз дауыс беріп жатыр. Сондай-ақ, референдум барысында құқық бұзғандарды байқаған жоқпыз",-деп мәлімдеді бақылаушы.

6c3da3aa-1419-457a-8988-a8d8938e109d

Ал, осы округтегі № 182 сайлау учаскесінде 730 тұрғын өз таңдауын жасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT