Президент тапсырған тапсырмалар

(0 Votes)

«Жаңадан сайланған депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде ел мүддесі үшін қызмет етеді деп сенемін».

Бұл туралы Елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баса айтты. Мен «AMANAT» партиясының ұсынысымен сайланған аудандық мәслихат депутаты ретінде маңызды жиынды тікелей эфирден көріп, айтылған тапсырмалардың әрқайсысына құлақ түрдім. Мемлекет басшысы алдымен сайлауда жеңіске жеткен депутаттарды құттықтап, сәттілік тіледі. Биыл депутат құрамына енуге жастарға, әйелдерге және ерекше қажеттілігі бар жандарға мол мүмкіндік берілді. Жалпы саяси құрылымды жетілдіруде біраз өзгерістер бар. Биыл алғаш рет 45 аудан және 1 облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді. Содан соң еліміздегі барлық аудан әкімдері сайланады. Осы орайда саяси үрдісті демократияландыру жұмыстары жүреді деп атап өтті.

Сондай-ақ елімізде әлеуметтік-экономикалық салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілді мәселелер бар. Соның шешімін бірге табу қажеттігін халық қалаулыларына жүктеді. Шағын және орта бизнесті қолдаудың кешенді жобасын дайындау, бюджеттің әрбір тиынының тиімді жұмсалуына парламенттік бақылау жүргізу, ашық салық жүйесін қалыптастыру, туризмді дамыту т.б. маңызды мәселелерді атап өтті. Осындай алдағы өзгерістердің бел ортасында тәжірибесі мол, қоғамның қызу қолдауына ие боп жүрген «AMANAT» партиясын жүреді деп сенім білдірді.

Гүлнар Хасанова,

Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT