Пошташылар жолдауды қолдайды

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күнгі  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Ө.Оразғалиев «Қазпочта» АҚ қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Жолдауға көтерілген мәселелерге тоқталып, біртұтас ұлт ретінде еңбек етуге шақырды. Почта қызметкерлері де Жолдауды қолдайтындығын жеткізе келе, жергілікті әкімшілікке бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтсақ, күнделікті күнкөрісін төрт-түлік малын бағып, күн көріп отырған тұрғындар үшін көшеде жүрген малды қамап, айыппұл салу көптің қалтасына ауырлық тигізіп отырғандығын және бұл мәселені шешуде арнайы мал бағатын адам шығару қажеттігі жөнінде айтып өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521