Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі қағидалары ерлер мен әйелдер үшін Конституциямен кепілдендірілген тең құқық пен бостандықты орнату.
Гендерлік саясаттың алға жылжуы әйелдер саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласқанда ғана жүзеге асады. Демократиялық және құқықтық мемлекетті бекітуде Қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. “Әке баласын тәрбиелейді, шеше ұлтты тәрбиелейді” деген мақал бекер айтылмаған. Елімізде демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді. Себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі адамзаттың нәзік жанды жартысының мойынында. Әйел отбасы құндылықтарын қорғайды. Күнделікті және байқала бермейтін отбасы туралы қамқорлық, өз шаңырағында жанға жайлылық жасау, жақсы жағдай туғызу және амандық - бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет. Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндетіне билік құрылымына әйелдер мен ерлердің бірдей қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамытуға және қызмет бабымен көтерілуге жағдай жасау, отбасындағы құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру жатады. Біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер - мемлекетіміздің гендерлік саясаты. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі әйелдердің рөлі бойынша құқықтық база соның дәлелі.
Ж.МҰФТАХОВА,
Құрманғазы аудандық сотының бас маманы.