Өзара байланыстар көкжиегі кеңейе түседі

(0 Votes)

Қазақта: «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала», деген сөз бар. Әрине, біз үшін іргелес жатқан ТМД елдерімен, соның ішінде ЕЭО-қа кіретіндерімен өзара экономикалық қарым-қатынас нарықтық жағынан алғанда тиімді.

Сол үшін біз осы Одаққа кірген едік. Енді оны бірлесе дамыту да ортақ міндетіміз. Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қабылданғанын атап өтті. Бірақ, туындап отырған мәселелер бар екенін де жасырмады. «Бұған дейін айтқанымдай, бұл – біздің Одақтың беделі. Біз, ең алдымен, өз халықтарымызға Одақтың маңыздылығын, оның тиімділігін көрсетуіміз керек. Ол үшін жан-жақты пысықталған, дұрыс шешімдер, нақты нәтижелер керек. Алға қойылған және жарияланған мақсаттардың басым бөлігіне әлі де қол жеткізілмеді. Сондықтан, ең алдымен, Одақ аясындағы ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің орындалуын соңына дейін жеткізуге баса мән беруге тиіспіз деп ойлаймын. Мұны істемесек, алдымызға асқақ мақсаттар қою қиын», деді Президентіміз.

Осылайша, көпті толғантқан жайды ортаға салып, бірлескен жұмысты жандандыра беру қажеттігіне тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД, ҰҚШҰ аясында, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық шеңберінде жақын серіктестерімен әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін қаперге берді. Қалыптасып келе жатқан осы жаһандық экономикада біздің қандай рөл атқаратынымыз өзімізге байланысты. Форумның маңыздылығы – ол Еуразиялық одақтың дамуына жаңа серпін береді, өзара байланыстар көкжиегі кеңейе түседі деген ойдамыз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521