Мемлекеттік органдардың басшылары әзірге тиісті міндеттерін атқара береді - Президент Жарлығы

(0 Votes)

Ақорданың сайтына Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы Жарлық шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қараша, № 6», - деп жазылған Жарлықта.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімі Алтай Көлгінов өз «отставкасы» туралы пікір білдірген болатын.

«Өздеріңіз білесіздер, заңға сәйкес, Конституция бойынша Президент сайланғаннан кейін әкімдердің бәрі де өз лауазымын босатады», - деген еді шенеунік.

Соңғы жаңалықтар

Сайлау

ybory-2023-price

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика