Мемлекет басшысы егін шаруашылығына реформа жасауды ұсынды

(0 Votes)

Президент бүгінгі Жолдауында қазіргі ауыл шаруашылығы саласын – жоғары технологиялы сала деп отыр. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзалдығына тоқталды.

Агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керек екенін, қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырғанымызды айтты. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар егуге мән беруді ұсынды. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажеттігін назарға алды. Мемлекет басшысы білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз деп отыр. Егін шаруашылығына реформа жасауды ұсынды. Тіршілік нәрі суды да үнемдеу мәселесіне тоқталып, су шаруашылығына түбегейлі реформа жасау қажеттігін алға тартты. Үкіметке бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырды. Президентіміз Үкіметке бірқатар маңызды жаңа тапсырмалар беріп, мемлекет алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тез арада шешуге ерекше назар аударды. Елдің миллиондаған азаматтарының мүдделерін тікелей қозғайтын және олардың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер еткен осы проблемалық мәселелерді шешудің арқасында қоғамымыздың әлеуметтік жағдайы бұрынғыдан да жақсара түседі.

Айнагүл Шакупова,

Құрманғазы аудандық "Serper " газетінің бас редакторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521