Мақсат - айқын, меже - биік

(0 Votes)

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын толығымен тыңдадым. Он бір бөлімнен тұратын мемлекеттің алдағы болашаққа арналған жоспары əрине, көңілге үміт сыйлағаны рас.

Баршамызды толғандыратын халықтың əлеуметтік жағдайы, болашақ ұрпақтың ертеңі, сонымен бірге жер, тіл мәселесі екені айдан анық. Президентіміз «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасындағы тұрғын үй мәселесін шешу жолдарын айта келе, жұмыс жасап жүрген азаматтар мен азаматшалар зейнет қорында жиналған қаржының бөлігін қолдана алатындығын, бүгінгі таңда көп балалы аналарға, мүгедектерге арендалық үй салуды көбейту керектігін атап өтті. Маған ұнағаны ауылды жерде ірі кəсіпкерлерге төмен төлемді жер үй салуды қолға алуды ұсынғаны.

Қоғам болып жастарымызды еңбекке баулу, спорттық үйірмелер, клубтар ұйымдастыруды, қол жетімді сапалы білім, онлайн оқу жүйесін жөнге келтіру, елді-мекендегі дәрігерлік-фельдшерлік мекемелердің халыққа қызмет көрсетуін жақсартуды жергілікті басшылыққа жүктеді. Білімсіздік, популизм қазақтың басты дауы деді, Президент. Сөз соңын Ахмет Байтұрсыновтың “Білімді болу үшін білім керек, ақылды болу үшін оқу керек, күшті болу үшін ауызбіршілік керек” деген даналық сөзімен аяқтады. Иə, алға қойған Президентіміздің мақсаты көп. Сол ірі, халық игілігі үшін құрылған жоспарларының орындалуына шын жүректен тілектеспін.  

 

Мейрамгүл Шекетасова, аудандық оқушылар үйінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521