Құрманғазы ауылының әкімі есеп берді

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округі әкімі Абдуррахман Муса 2024 жылғы 6 айда атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есеп берді.

Аталған жиынға аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева төрағалық етті. Округ әкімі Абдуррахмат Рахметұлы өз хабарламасында жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлік, білім, ауыл шаруашылығы, денсаулық, мәдениет, спорт салалары, инфрақұрылымның дамуы, қылмыспен күрес, санитарлық тазалық және абаттандыру бойынша, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстардың орындалысына тоқталып өтіп, алда атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Олардың қатарында:   
-Құрманғазы ауылының Атырау көшесіндегі электр желілеріне ағымдағы
жөндеу жұмыстарын жүргізу, жоспарлы қаржы көлемі - 35 000,0 мың теңге.
- Округ теңгеріміндегі жылу құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын
жүргізу, жоспарлы қаржы көлемі - 34 000,0 мың теңге;
- 10 қызметтік пәтерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
 - Жерұйық 61,63 жатақханаларының ғимараттарына ағымдағы жөндеу;
- М.Ғилаев көшесіндегі бұрынғы мұрағат ғимаратына ағымдағы жөндеу;
- Су тазалау имаратына 30 квт 2 насос сатып алу;
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 16 көшеге көше жарығын
жүргізу жұмыстары;
- Құрманғазы ауылының Үлкен Кресті елді мекеніне шағын футбол алаңын
салу;
- Құрманғазы ауылының Кіші Кресті елді мекеніне балалардың ойын алаңын
салу жоспарда бар.

Одан әрі аудан әкімі Абат Жанғалиев өңірімізде жүзеге асып жатқан ауқымды жұмыстар мен инфестициялық жобалардан хабардар етті. Басшыға тұрғындардан түрлі мәселеге тірелетін сан-салалы сауалдар қойылды. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талғат Жаудин Шарон өзенін түп тереңдету, ауданның атауы жазылған стелланы жаңарту, орталықтағы сауда орнын бас жоспарға сәйкес басқа жерге көшіру қажеттігін жеткізді. Ауыл тұрғыны Сағидолла Кулов Бұзаусылан өзегіне түп тереңдету жұмыстарын жүргізуді айтса, еңбек ардагері Сату Каменов жыр болған ауыз су мәселесін шешкен аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, аудан орталығында әлі күнге емін-еркін мал кезіп жүретініне ренішін білдірді. Округ тұрғыны Елдос Бектемиров өр суы кезінде өңірге бөлінген қаржы қалай игерілгенін сұраса, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары да тұрғындар алдында есеп берулері керектігін алға тартты. Ауыл тұрғындары Ержан Ғайнетов, Рифхат Сұлтанияев, Мирғали Ғабдушев осенизатор көліктерінің қызмет көрсету бағаларын тұрақтандыру, Кудряшов ауылдық округіне мәдениет үйін салу, біраздан бері айтылып келе жатқан Кіресті ауылының көшелерін асфальттау, Тухлое өзегіне түп тереңдету жұмыстарын жүргізу, Бұзаусылан ауылындағы Жеңіс, Мусаев көшелеріне жол кедергілерін, ойын алаңдарын салу, Шипажай мөлтек ауданын инфрақұрылыммен қамту мәселелерін көтерді. Жиында көтерілген осындай сауалдарға аудан басшысы Абат Сайфоллаұлы, округ әкімі Абдуррахман Муса, аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов, тиісті бөлім басшылары қанағаттанарлық деңгейдегі жауаптарын қайтарды.  

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT