Халықтың аманатын арқалау - үлкен жауапкершілік

(0 Votes)

Кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы қорытындыланды.

Бұл саяси додаға мен №3 бір мандатты сайлау учаскесінен түскен едім.Тұрғындар азаматтық жауапкершілік танытып, таңдауын жасады.

Ең алдымен маған сенім білдіріп, үміткер етіп ұсынған "AMANAT" партиясына және маған үміт артып, дауыс берген жерлестеріме шын жүректен алғыс айтамын! Өзім үшін бұл депутаттық қызметке алғашқы қадамым.Халықтың аманатын арқалау үлкен жауапкершілік екенін бүкіл болмысыммен сезінемін. Сондықтан, ауылдың мәселелерін рет-ретімен шешіп, бар қажыр-қайратымды жұмсаймын деп уәде етемін. Сайлауалды бағдарламамда ұсынылған жоспарларымды жүзеге асыруға, ауылымыздың көркейіп дамуына, ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бар білімім мен күш-жігерімді жұмсауға тырысамын.

Күні бүгінге дейін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Аудандағы бірқатар өзекті мәселелерді жіті білгендіктен, оларды шешу үшін бар күш-жігерімді салып, халық үшін қызмет ететін боламын. Мен үшін елге қызмет ету, сіздердің маған артқан жоғарғы сенімдеріңізді ақтау – басты мақсат.

Алдағы уақытта да ауылымыздың , туған жеріміздің әрі қарай дамуы үшін барлық бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.

Гүлнар Хасанова,

Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521