КАТЯ ӘЖЕЙДІҢ ТІЛЕГІ

(0 Votes)

«APEC PetroTechnic» колледжінде орналасқан №90 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері сұрапыл соғыс жылдарында концлагерьде тұтқында болған Екатерина Абсатырованың шаңырағына барды. 

Ардагер өз таңдауын жасап, арнайы әкелінген жәшікке сайлау бюллетенін салып, игі тілегін жолдады.

– Менің балалық шағым қиын кезеңдермен тұспа-тұс келді. Әйтсе де тағдыр маған бейбіт өмір мен бақытты күндерді көруді бұйырды. Міне, бүгін халықпен бірге мен де дауыс беріп, өз үлесімді қосып жатырмын. Қазақстанымыз дами берсін, ел-жұртымыздың ауызбіршілігі мығым болсын. Ел аман, бейбіт заман болсын, - дейді 92 жастағы кейуана.

Екатерина Абсатырованың отбасы 1941 жылы тұтқынға түсіп, концлагерьде болған. 1944 жылы бостандыққа шыққан соң, колхозда жұмыс істеген. Қазір 3 баласынан 2 немере, 1 шөбере сүйіп отыр.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика