Қос бағдарлама біріктіріледі

(0 Votes)

Қай мемлекетте өзінің экономикалық жағынан дамуымен қуатты болады. Сол арқылы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарады. Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі қоғамымызды дамытудың басты бағыттарына назар аударды.

Соның бірі – экономика. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттің экономикаға ықпалын азайтуы керегін айтты. Өз Жолдауында, мемлекетке қайтарылған активтің бәрін ашық түрде және еліміз үшін тиімді шартпен нарыққа шығару керегін жеткізді. Осыған қоса, жекешелендіру және халықтық ІРО жұмыстарын барынша тездету қажеттігін, экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керектігін, оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқтығын да назардан тыс қалдырмады. Мұндай кемшіліктен арылу үшін алға қарай KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілгелі отыр. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру қажет», деді Президентіміз.

Жолдауда экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды екені атап өтілді. Еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету – қазіргі ең басты міндет ретінде аталды. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беріледі. Алға қарай ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жоба жүзеге асады. «Экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап береді. Бюрократияға және сөзбұйдаға салынбай, Президент Әкімшілігіне жалтақтамай, экономиканы дербес басқарудың барлық әдіс-тәсілдерін қолында ұстауға тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Жаңа Жолдау мемлекетіміздің алдағы дамуында басшылыққа алынып, қарқынды дамуымызға жол ашары анық.

Нурия Баймұханова,

аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT