Әкімдер мен барлық мемлекеттік орган басшыларына өз жалақысы туралы айту ұсынылды

(0 Votes)

Мемлекеттік органдардың басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін бағалау тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы анықталатын болады. Осыған орай «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Жемқорлық біз үшін емес!» ауқымды акциясын бастады.

Бұл туралы республикалық жобалық кеңсенің басшысы Төлеген Байғұлов хабарлады. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік мекемелердің жетекшілерін парасаттылық және ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру, зиянды, жиркенішті құбылыс жемқорлықтан сақтандыру. Себебі бір рет пара алған адам қалай құнығып кеткенін білмейді. Ол үшін арам жолмен ақша табу басты нысанаға айналады. Ақыр соңында сол үшін тұтылып, жегені желкесінен шығады.

Республикалық жобалық кеңсенің басшысы Төлеген Байғұлов: «Бұл акция арқылы біз бірінші басшылардың назарын қарауындағы қызметкерлерін заң бұзушылық нәтижесінде жасалатын қателерден сақтандыруға аударғымыз келеді. Өйткені, әрбір басшы өзінің жеке жауапкершілігін түсінуі керек. Акция кезеңінде барлық республикалық БАҚ өкілдерін қызметімізді кеңінен насихаттауға шақырамын», деп атап өтті.

Сондай-ақ, шара аясында Төлеген Байғұлов облыс әкімдері, министрлер мен орталық мемлекеттік органдардың басшылары, өз қызметінің ашықтығын көрсетуі тиіс, жалақысы туралы ақпарат жариялауға, және «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесіне ақпарат жіберуге міндетті екенін жеткізді. Сонымен қатар оларға, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шаралары бойынша хабарлау, сондай-ақ өз ұсыныстарын енгізу қажет. Айта кету керек, бұл жұмысты Еліміздің барлық өңірлерінде облыс әкімдерінің орынбасарлары және мемлекеттік органдардың басшылары жүргізуі тиіс. Ал, акция қорытындысы бойынша барлық қалалар мен аудандар әкімдеріне берілетін бағада: басшылықтың қаншалықты ашық екендігі, транспаренттілігі, халық дауысын естуі ескеріледі. Мемлекеттік органдардың басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін бағалау, тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы жүргізілетін болады. Бұл акция 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне дейін жалғасып, ең тиімді басшылар таңдалады.

«Біздің ойымызша бұл парасаттылық пен жеке жауапкершілікті арттырады және мемлекет басшысы алға қойған басымдықтарының қалай жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді. Өз кезегімізде, яғни кері байланыс үшін шұғыл +7-702-000-2494 телефоны бізде жұмыс істейтіндігін еске саламын. Кез келген өтінішті, фото және бейнематериалдарды осы нөмір бойынша Whatsapp арқылы жібере аласыздар. Қоғамдық бірлестіктер көшбасшылары мен бей-жай қарамайтын азаматтардың белсенділігіне үміттенеміз», деді Т.Байғұлов. Сөз соңында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізбейтін басшыларды анықтау қажет деп бұған дейін Мемлекет басшысының айтқанын естеріңізге сала кетейік.

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521