Ертеңіміз бүгінгі таңдауымыздан басталады

(0 Votes)

Алдағы сайлаудан қоғамымыз оң өзгерістерді күтеді.

Жаңа үрдістер, жаңа бағыт, жалпы осылардың барлығы сайып келгенде жаңа жарқын бастамаларға жол ашады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойып, саяси дода өтетін күнді белгіліп берді. Әрі халыққа үндеу жариялап, бұл жолғы науқанның ерекшелігін атап өтті. Депутаттар мен қоғам белсенділері де сайлау демократияны нығайтып, еліміздің дамуына жаңа серпін беретінін айтып отыр.

Расымен, осы саяси додаға дейін елімізде біраз жағдайлар орын алды. Оның маңыздысы – «Парламент және оның депуттарының мәртебесі» туралы Конститутциялық заңға түзетулер енгізілуі. Бұл парламенттік оппозиция институтын құрудың бірден-бір жолы. Енді оппозиция өкілдері депутат болып қана қоймай, комитетті басқара алады. «Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды. Мұндай жаңа бастамалар партияларға саяси ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді»,-деді Мемлекет басшысы. Парламент Мәжілісінің депутаттарын заңнаманың жаңа нормаларына сәйкес сайлау Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылуының айқын дәлелі. Қаңтардың оны Мәжіліс қана емес, жер-жердегі мәслихат депуттарының да сайлауы болатыны мәлім. Биыл оның алғаш рет партиялық тізім бойынша өтетіні – тың өзгерістің бірі.

Жалпы, Қазақстан демократиялық қағидаларды ұстанған, әлемдік қауымдастықпен етене байланысқан зайырлы, экономикасы тұрақты, дамуға бет алған мемлекет екені белгілі. Сондықтан сайлау кезінде бейқамдыққа салынбай, болашаққа нық сеніммен қарауымыз керек. Ел тағдырына қатысты сын сәтте барынша белсенді болып, азаматтық ұстанымымызды білдірейік. Бұл - бүкіл республика көлеміндегі аса маңызды оқиға. Өйткені, еліміздің келешегі сіздер мен біздердің таңдауымызға байланысты. Дұрыс таңдау адастырмайтынына, шынайы демократиялық құндылықтарға бастайтынына, даму жолымыздағы қарышты қадам болып табылатынына еш күмәнім жоқ.

Өтеулі Хасанов,

Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521