Елімізде соңғы бір жарым жылда көптеген саяси науқандар болды

(0 Votes)

Жалпыхалықтық референдум, екі сайлау науқаны өтуі бүкіл қоғамның саясилануына әкелді. Конституцияға енгізілген өзгерістер бір күндік жұмыстың нәтижесі емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тізгінін қолға алған 2019 жылдан бері 4 ірі саяси реформаның туындауына бастады. Соның арқасында елімізде орын алған саяси күрделі өзгерістердің бірі – ауыл әкімдерінің сайлануы. Ауыл әкімдерін саяси партиялардың ұсынысы арқылы ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы үміткер бола алады.

Жаңа конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Мұның бәрі уақыттың сұранысы мен заман ағымына еркін қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігінің оңалуына мемлекет тарапынан берілген кепіл-тірегі ретінде қабылданды. Қазір халық Мемлекет басшысының реформалары жақын күнде жүзеге асқанына, уақытылы орындалғанына қуанып отыр. Билікке деген сенім де қалыптасып келеді.

Айгүл Қазбек,

Махамбет ауданы Ортақшыл дәрігерлік амбулаториясы-дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT