Ел тағдыры үшін маңызды

(1 Vote)

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындады.

Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Мемлекет басшысы соңғы уақыт көлемінде денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы, әлеуметтік көмектің тағайындалуы керектігін баса айтты. Себебі пандемия уақытында алдыңғы шепте ауыр дертпен күрескен ақ халатты абзал жандар екені баршамызға белгілі.

Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам - білімді жастардың қоғамы. Жас буынға білім беру жолында еңбек етіп жүргендіктен білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар менің жаныма жақын. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, Президентіміз өз Жолдауындағы бесінші мәселе ретінде білім беру саласына тоқталып өтті. Әлем елдеріндегі пандемиялық жағдайларды ескере, еліміздегі карантиндік жағдайды қатаң сақтай отырып, білім беру саласының қашықтықтан ұйымдастырылып отырғанын, сондай-ақ қашықтықтан білім беру жүйесінің әдеттегі дәстүрлі сабаққа жетпейтініне тоқталды.

Дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр. Қашықтықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның дайындалу керек екенін тілге тиек етті. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі берілетін оқу-тәрбиенің маңыздылығын, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейтудің оң әсерін, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін еске салды.

Сонымен қатар Президентіміз жылдағы Жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. Алдағы қаңтар айында ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді міндеттеді. Өзім де ұстаз ретінде мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек бізді жігерлендіре түседі дегім келеді. Мен еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш-жігерімізді сала отырып, еңбек ету біздің басты парызымыз деп санаймын. Қазіргідей жаңарған заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні анық.


Ұлан Иманғалиев,  Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521