Экономикалық дамуымызға серпін береді

(0 Votes)

Бүгін Президентіміз VIII шақырылымдағы Паралменттің екінші сессиясында Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады. Мұны қазақстандықтар зор ынта-ықыласпен тыңдап, қабыл алды.

Себебі бұл маңызды құжат – Тәуелсіз мемлекетіміздің алдағы даму бағытын айқындап, өркендеу жолына бағыт-бағдар сілтейді. Әр бөлімінен жаңалық күтеміз. Жаңбыр суынан нәр алып, жайқала түскен балаусадай, Жолдауды тыңдағаннан кейін көңіліміз төріндегі ертеңге деген сеніміміз бекіп, алдағы күндерге деген үміт шырағы лаулайды. Әлбетте, Президентіміз өткенге шолу жасап, алдағы негізгі міндеттерді айқындап берді. Соған сай жұмыстар жасалады. Жолдау өте мазмұнды, қазақстандық қоғамның қазіргі жағдайына, экономикалық дамуымызға қатысты неғұрлым өзекті мәселелерді нақты көтеруімен маңызды.

Жолдауда Президент депутаттарға алғысын білдіріп, жыл жарымда бірқатар жұмыстар тындырылғанын атады. Соның ішінде елімізге 28 млрд доллар шетел инвестициясы тартылып, рекордтық көрсеткішке жеткеніне ерекше маңыз берді. Бұл экономикамыз үшін маңызды жетістік. Қай елде де инвестиция мемлекет дамуын алға сүйрер локомотив болып қала беретіні анық. Сонымен қатар, осы Жолдауда аталған міндеттер үш жыл ішінде орындалуы тиістігін атап көрсетті. «Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауға тиіспіз. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болады. Бірақ, ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек», деді Мемлекет басшысы. Экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталды. Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету екеніне басымдық берді. Президенттің мәлімдеуінше, экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды. Жаңа Жолдауда басқа да бірқатар маңызды мәселелерді қамтыды. Олардың бәрі өз кезегінде мемлекетіміз дамуының сара жолын айшықтай түсті.

Адэля Нурмагамбетова, 
Құрманғазы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521