Cайлаушыларымның сенімін ақтаймын

(0 Votes)

Президентіміз Жолдауында айтқан, халқымыз көптен күткен, үміт артқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтіп, қорытындысы шықты.

Бұл сайлауға мен №2 бір мандатты сайлау учаскесінен түскен едім. Аудандық мәслихаттың осыған дейінгі шақырылымының депутаты болғаныммен, толқиды екенсің. Қандай дегенмен де сайлаудың аты сайлау ғой. Халық сені қолдай ма, жоқ па оны білмейсің. Жасаған жұмысың көңілдерінен шықса ғана дауыс берері анық. Мені таңдаған барша сайлаушыларыма шексіз ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін бәрінен қымбат.

Өзімнің сайлауалды бағдарламамды және VII шақырылымда алға қойған жоспарларымнан орындай алмай қалғандарымды жүзеге асыруға кірісемін деп сіздерге уәде етемін. Еліміздің, ауданымыздың дамуына қызмет ету қара басымның мүддесінен қашан да биік тұрады. Өздеріңізбен кездескен кезде айтқан ұсыныс-пікірлеріңіз менің алдағы жұмыс жоспарларыма кіреді. Оларды жүзеге асыруға білімім мен біліктілігімді салып, ықпал ететін боламын.

Жалпы, бұл сайлау жақсы, әділ өтті. Құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Сайлаушылардың өз таңдауын жасауына барлық мүмкіндіктер туғызылды. Аудандық мәслихатқа депутат болып жатырған барша әріптестеріме сәттілік тілеп, оларды Президентіміз алға қойған даму бағыттарын қолдауға, халқымыздың әл-ауқатын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бір кісідей атсалысуға шақырамын.

Гүлжанат Қалиева,

Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521