Мақаш ауылдық округінде орналасқан №165 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.
Бұл учаскеге 1451 сайлаушы тіркелген. 14 адам денсаулығына байланысты үйлерінен өз таңдауын жасады. Сайлау комиссиясының төрағасы - Жастілек Мырзағалиев. Дауыс беру уақытында аталған сайлау учаскесіне ешқандай шағымдар түскен жоқ. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыстарын санауды жүргізуде.
Еркеназ Қалижан