Бразилиядағы қазақстандықтар дауыс бере бастады

(0 Votes)

 ҚазАқпарат – Астанада уақытымен сағат 16.00-де Бразилиядағы Қазақстан Елшілігі жанынан ашылған сайлау учаскесі жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 18.05 және 20.05-те беріледі.

Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ҚР ОСК сағат 22.05-те ұсынады.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті.

Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 64 учаскеде дауыс беру басталды.

Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 097 учаскеде өтіп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521