Бірегейлігіміздің нақты нышандары: Президент төлқұжатымыз бен туымыз жайлы айтты

(0 Votes)
Фото: t.me/aqorda_resmi

Көгілдір төлқұжатымыз бен көк туымыз – тарихтың өзінен туындаған және миллиондаған адамдардың жүрегінде шынайы жауап тудыратын біздің бірегейлігіміздің нақты нышандары. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынайы демократия сөзбен емес, іс жүзінде ұлттың үдемелі ілгерілеуі мен азаматтық идеясын нығайту үшін ең қолайлы жағдай жасайды. Тәуелсіздік жылдары бізде жаңа жалпыұлттық бірегейлік қалыптасты деп сенімді түрде айта аламыз. Ол неден көрінеді және оның рәміздері қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін жасанды идеологиялық тұжырымдамаларды әзірлеудің, интерпретациямен және толғаныспен айналысудың қажеті жоқ. Негізінде бәрі бетінде жатыр. Көгілдір төлқұжатымыз бен көк туымыз – тарихтың өзінен туындаған және миллиондаған адамдардың жүрегінде шынайы жауап тудыратын біздің бірегейлігіміздің нақты нышандары. Біздің төлқұжатымыз адамға этникалық тегіне, діни көзқарастарына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты құқықтар мен міндеттердің толық көлемін береді», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пайымынша, Қазақстанның төлқұжатына ие болу дегеніміз - елдің халықаралық аренасында құрметті азамат болу, барлық елдерге кедергісіз бару және өзін қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі ретінде сезіну.

Бұл әрқашан және барлық жерде өз мемлекетінің қорғауында болуды сезінуді білдіреді.

«Қазақстан паспорты біздің бірлігіміз бен келісіміміз негізделген прогрессивті құндылықтарды білдіреді. Өз кезегінде Қазақстанның аспан түстес көк туы біздің қасиетті тәуелсіздігіміз бен ғасырлар бойғы мемлекеттілігімізді айқын бейнелейді. Біздің туымыз ең ірі халықаралық спорттық жарыстарда және басқа да осындай іс-шараларда жоғары көтерілген сайын әрқашан өз еліміз үшін мақтаныш сезіміне ие боламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521