Балаларға арналған қор құрылады

(0 Votes)

Мемлекет басшысының Жолдауында білім саласына,ҰБТ өткізуге, жоғары білімді қолжетімді етуге, студенттерді жатақханамен қамтуға, жастарды, баламен отырған аналарды қолдауға көңіл бөлініп отырғаны қуантады. Сол сияқты, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару, сот, құқық қорғау органдары қызметін жетілдіру қамтылып және басқа да өзекті мәселелерді шешу жолдары қозғалғаны оның маңызын арттыра түсті. Осының бәрі бұл құжат қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың жаһандық стратегиясын біл¬діреді деп нық сеніммен айтуға болады.

Жалпылама тоқталсақ, Қасым Жомарт Кемелұлы осы жолғы Жолдауында мезгіл тамы¬рының бүлкілін дөп басып, жұрт¬тың қызығушылығын тудырған, өңірлердің ілгері басуына ықпал ететін бірқатар мәселелерді көтеріпті. Соның ішінде екі жыл мерзімде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда фельдшерлік-фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталатынынан хабардар болдық. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемеге айналады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімдері болатыны айтылды. Мемлекет басшысы бұл өз кезегінде төрт миллионнан астам азаматқа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін алға тартты. Сонымен қатар, шалғай елді мекен тұрғындарына білікті көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін телемедицина да дамытылғалы отыр. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамитынын жеткізген Президентіміз денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілгенімен, оның жағдайы әлі де мәз еместігіне, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отырғанына қынжылыс білдірді. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналғанын, медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінгеніне қарамастан, мұндай жүйенің тиімділігі төмендігін атап өтіп, Үкіметке мұны шешуді қолға алуды тапсырды.

e81a581a-de10-40b2-aa9b-df506eb9e0ab

Тағы бір бұрын болмаған жаңалық «Балалар жылы» аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосу жоспарлануы. Президентіміз өз Жолдауында:

«Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебені иеленіп, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», деді.

Мұны ел келешегін ойлауда көрегендік танытқандық деп бағалаймын. Қазір баспанасыз, оқу орындарына түсуге қаражат таба алмай жүрген жастар баршылық. Алға қарай, мәселе осылай шешілсе бұл нұр үстіне нұр емес пе?!

Жаңа Жолдауда Мемлекет басшысының қазіргі қалыптасқан жағдайды, экономиканың қыр-сырын терең білгендігі басты рөл ойнап отыр. Онда көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру ел дамуына орасан зор серпін береріне сенімдімін.

 

 Ирина Саурова, ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT