Бәрімізде бір мақсат болды

(0 Votes)

Қазір Тәуелсіз мемлекетіміз Президентіміздің басшылығымен Жаңа Қазақстанды құруға бет алды.

Сол себепті жаңарулар орын алуы айдай айқын нәрсе. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы соған бағытталған нақты қадам. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында биыл сайлауды өткізуді белгілеп: «Біз көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамын жасақтаймыз. Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін арттырары сөзсіз. Болашақта Үкімет құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушы билікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады» деген болатын. Мен, туған жерінің жанашыр жастарының бірі ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және түрлі деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауында депутаттықтан үміткерлердің бірі болдым. Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне, дамуына үлесімді қосқым келді. Ауданымыздың айтылып жүрген мәселелерін шешуге атсалысу мақсатымен оларды өзімнің сайлауалды бағдарламама енгіздім. Бізге барлық жағдай жасалды. Ауылдық округтерде болып, кездесулер өткіздік. Бұл сайлау ауданымызда ашық, әділ өткеніне куәмін. Партиялар мен үміткерлердің байқаушылары бастан-аяқ қатысып отырды. Заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

Жаңадан сайланған депутаттар құрамы мен олардың сайлауалды бағдарламалары халыққа етене таныс. Ондағы мәселелер де ауадан алынған емес, жергілікті жердің өзекті мәселелері. Өзім өтпегеніммен илегеніміз бір терінің пұшпағы, яғни, ауданымыздың халқының жағдайын жақсарту. Бәрімізде бір мақсат – осынау тамылжыған табиғаты бар Жерұйығымыз, туған өлкемізді бұрынғыдан да гүлденте түсу болды. Депутаттар корпусының жаңа құрамы оң шешімін таппаған мәселелерді шешуге жұмыстанады деген ойдамын. Бәрінің де жұмыстарына сәттілік тілеймін!

Бекзат Қазиханов,

Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521