Азғырлықтардың белсенділігі жоғары

(0 Votes)

Бүгінгі маңызды науқаннан шалғайда жатқан Азғыр өңірі де шет қалмауда. Асан ауылдық округінде дауыс берушілер кітап көрмесін, мерекелік концертті тамашалады. 

Округтегі №197 сайлау учаскесінде түске дейін 354 сайлаушының 162-сі дауыс берді.

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының кезектен тыс сайлауының еліміздің қоғамдық және саяси өмірі үшін маңызы зорын жақсы ұғамыз. Бұл сайлауда әрбір азаматтың таңдауы маңызды. Ауылымызда таңертең ең алдымен үлкендеріміздің бірі Есім Кишимов ағамыз келіп, кейінгілерге үлгі көрсетті. Саяси науқанға тұрғындар түсіністікпен қарауда. Ауылымыздың жастарының бірі І топ мүгедегі Бекбол Қараев та түске дейін келіп, сайлау бюллетенін жәшікке салды, – дейді осы учаскенің төрайымы Құралай Ильясова.

Мұнда да партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, кандидаттардың бақылаушылары сайлаудың өту барысын назарда ұстауда. Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT