Ауылдастар аманатын ойымда ұстаймын

(0 Votes)

Үстіміздегі жылдың 19 наурызына белгіленген ҚР Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті.

Менің ойымша маңызды науқан өз деңгейінде өтті. Құрманғазы аудандық мәслихаты депутаттығына №1 сайлау округі бойынша үміткерлікке тіркеліп бағымды сынадым.Үгіт-насихат жұмыстары барысында сайлаушыларыммен кездесіп өз сайлауалды бағдарламамды ұсынған болатынмын. Оның ішінде ауылдастарым үшін аса қажетті округ аумағындағы каналдарға түп тереңдету жұмыстарын жүргізіп, мал жайылымдары мен шабындықтарға су шығару, қатты қоқыс қалдықтарын, кәріз суларын төгетін полигонды заңдастырып округ теңгеріміне алу сияқты жұмыстарды міндетіме алғаным белгілі. Соныме бірге, ауылдағы Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға қаражат бөлдіріп, тиісті деңгейде атқарылуына атсалысу ойда бар. Афанасьев елді мекенінің ауылішілік жолдарын салу, республикалық автотрассаға дейінгі аралыққа асфальт жол төсеу де осы ауылда тұратындардың көптен көтеріп жүрген мәселесі. Кездесу барысында айтқан ауылдастарымның аманаттары әрдайым ойымда жүреді, оның орындалысы үшін тынбай жұмыстанатын боламын.

Есболат ҚҰБАШЕВ, шаруа қожалығының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT