Қиғаш ауылдық округіндегі №183 сайлау учаскесіне 756 сайлаушы тіркелген.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ақжібек Жұмағұлова дауыс берушілердің белсенділігі жоғары екенін мәлімдеді. Теміржол саласының ардагері Хамидолла Уразалиев жұбайымен бірге сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Бұл отбасы бірде-бір сайлау күнін жібермей, қатысуды дәстүрге айналдырған. “Біздің таңдауымыз халық үшін маңызды. Барша қазақстандықтарды сайлауға қатысып, жарқын болашақты бірге қалыптастыруға шақырамын. Сонымен қатар, алда келе жатқан жақсылық пен жаңару белгісі Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Қазір елімізде береке-бірлік бар, келешекте бұдан да жақсы жетістіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймын”,– деді өз пікірінде Хамидолла Уразалиев.
Еркеназ Қалижан