Алтынбек алғаш рет сайлауға қатысты

(0 Votes)

18 жастағы Ханболат Алтынбек Мақаш ауылдық округінде орналасқан №165 сайлау учаскесіне анасымен бірге келіп дауыс берді. "Бүгін мен үшін тарихи күн.

Сайлауда дауыс беру менің азаматтық міндетім деп санаймын. Бірінші болып дауыс беру үшін бүгін ерте тұрып, сайлау учаскесінің ашылуын сағат 7-ден бері күттім. Мен елдің болашағын анықтайтын үлкен саяси науқанға үлес қосқым келді", - деді ол. Бүгінгі таңда Алтынбек - Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 1 курс студенті. №165 сайлау комиссиясының төрағасы Жастілек Мырзағалиев тұңғыш рет дауыс берген жас сайлаушыға сыйлық жасап қуантты.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика