Ақпан айында «Самұрық-Қазынаның» қызметін арнайы талқылаймыз - Президент

(0 Votes)

KAZINFORM — Биыл ақпан айында «Самұрық-Қазынаның» мәселесі қаралады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

    - «Самұрық-Қазынаның» алдында тұрған ең маңызды міндеттің бірі – қорды реформалау. Бұл жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатыр деп айту өте қиын. Әрине, кейбір нәтижелер бар. Дегенмен, жұмыс әлі де көп. Қордың қызметін ақпанда арнайы талқылаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент ақпан айындағы талқылау кезінде қордағы реформалар қаралатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Мемлекет басшысы 2024 жылды еліміз оң көрсеткіштермен аяқтағанын айтты.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT