Референдум күні ауданда 3 сәби дүниеге келді

(0 Votes)

Тарихи күнде аудандық перзентханада екі атқамінер мен бір кестетігер дүние есігін ашты. Оларға таңғы сағат 09:30-да бойы 65 см, салмағы 3800,0 грамм ұлды Гүлжан Зұлпыхарқызы, арасына бір сағат салып 53 см, 3340,0 грамм екінші ер баланы Жанаргүл Мәдениетқызы мен кешкі сағат 17:00-де 56см, 4000,0 грамм қыз баланы Зульфия Сайынқызы өмір сыйлады. Сәбилерін бауырына қысып, төске аман-есен басқан аналардың толғағы саяси науқанмен есте қалғанына қуанышты. "Балапанымды осындай ел болашағы үшін маңызды күнде босандым. Шүкір, дені сау ұрпақ өмірге келді. Ал, оны жақсылықтың белгісіне баладым",-дейді Гүлжан Зұлпыхарқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT