Құрманғазыда қорада жинаулы тұрған 50 бума шөп жанып кетті

(0 Votes)

Атырау облысында бір кеште екі қорадағы 50 рулон шөп жанып кетті. Бір қорада 40, ал екіншісінде 10 рулон жиналып тұрған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрттің екеуі де кеше, 16 тамызда болған.

«Кеше сағат 18:36-да Құрманғазы ауданының орталығы – Құрманғазы ауылында М. Қабдолқызы көшесінде тұрғын үйдің қорасындағы 40 рулон өртенді. Қысқы мал азығы аумағы 20х10 метрлік қорада жинаулы тұрған. Өрттің салдарынан тұрғын үйдің 8х10 метр сыртқы полифассад қаптамасы балқып кетті», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Өрт сағат 19:27-де оқшауланып, сағат 20:03-те жойылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика