Құрманғазыда қайық аударылып бір адам суға кетті

(0 Votes)

Атырау облысында аударылған қайықта болған ағайындының бірі суға кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 24 сәуірде сағат 01:30-да болған.

«Құрманғазы ауданында ағайынды екі жігіттің Бірлік ауылынан 35 шақырым қашықтағы Қиғаш өзеніне балық аулауға барған. Түнгі сағат 01:30-да ағайынды жігіттер отырған қайық аударылған. Ағайындының үлкені өз бетімен жағалауға шыққан. Ал, 1993 жылғы інісі Қиғаш өзеніне батып кеткен», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қиғаш өзенінен батқан жігітті іздестіру бүгін, 24 сәуірде сағат 10:30-да басталды. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкер суға батып кеткен жігіттің мәйітін сағат 13:45-те тауып, судан шығарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика