Атыраулық полицейлер 50-ге жуық белгісіз бағытқа жоғалып кеткен жасөспірімді тауып үйіне жеткізген

(0 Votes)

Жасөспірімдердің жоғалуының басты себебі - ата-анасын хабардар етпей үйлерінен кетіп қалуы. Көпшілігі ата-анасымен келіспей қалса, енді бірі ата-анасынан көз жазып қалатындар.

Былтыр Атырау қаласы Полиция басқармасының  102 арнасына жасөспірім балаларының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағандығы бойынша 46 арыз келіп түскен. Абырой болғанда барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері аман-есен тауып, ата-аналарына табыстаған.

- Үнемі жоғалатын жасөспірімдер де бар. Мәселен, бір жеткіншек үйінен 3 рет кетіп, қайта оралғысы келмеген. Қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Онымен қоса ол Ішкі істер органдарының есебіне алынды. Жалпы жасөспірімге қай уақытта да ата-аналар жауапты болуы керек деп есептеймін,-дейді ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Азамат Қарамұратов.

Осындай оқиғаларды болдырмас үшін ювеналды полиция өкілдері ата-аналардан балаларына көбірек көңіл бөлуді, және де балаларының қызығушылықтары мен бос уақытта немен шұғылданатынынан хабардар болуды сұрайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521