Атырауда жоғалған балықшылар іздестірілуде

(0 Votes)

«Амангелді» және «Сеф Каспий фиш» кәсіпорындарының 4 балықшысы 3 қараша күні балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды ATPress.kz Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.

Департаменттің хабарлауынша, іздеу жұмыстары  6 қараша күні басталған.

Каспий теңізі жағалауының " Атырау - Исатай – Құрманғазы" бағытында аэро іздестіру жүруде.

«МИ-8 арнайы ұшағы Атырау қаласынан 09:58​-де ұшып шықты. Бортта экипаждың 3 мүшесі, Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері және  «Амангелді» ЖШС-нің 1 маманы бар. ​

Аэровизуалды іздестіру жұмыстары   270 шақырым қашықтықта, яғни  Каспий теңізі жағалауының  "Атырау - Исатай – Құрманғазы" бағытында жүргізілді.

Бірақ, іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ" , - делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT