Атырауда биыл бейнебақылау камерасының көмегімен 111 қылмыс ашылды

(0 Votes)

Бұл туралы Полиция департаменті штаб басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Алтынбек Қайырлиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда Атырау қаласы аумағында 3507 бейнебақылау камерасы орнатылған. Атап айтсақ, 759 Жедел басқару орталығының камерасы, 1997 «Сергек» камерасы, ал 750 «Интеграция» камерасы. 

- Бейнекамералар көлік қозғалысының жүрісін жедел бақылап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға және құқық бұзушылықтың ізін суытпай анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, полиция жұмысының тиімділігінің артуына және қылмыстың жедел ашылуына тигізер көмегі зор. Мәселен, жыл басынан жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші-инспекторларымен 111 қылмыс әшкереленді, ал Жылыой ауданында 2 қылмыс «ізі суымай» ашылды, - деді А.Қайырлиев.

Оның айтуынша, осы жылы аталған камералардың көмегімен 8671 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 7522-сі Атырау қаласы аумағында тіркелсе, қалған 1149-ы Жылыой ауданы бойынша анықталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша «102» операторына 42260 қоңырау шалынған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика