Атырауда аңшы пышағымен және тапаншамен жүргендер ұсталды

(0 Votes)

Атырауда ұсталғандардан 10-ға жуық аңшы пышағы, 2 тапанша және психотропты дәрі-дәрмектер алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының коменданты – облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, суық қарумен жүргендер жексенбі, 9 қаңтарда ұсталды.

«Төтенше жағдай талабына сәйкес блокбекеттен өтетін көліктер, жүргізушілер мен жолаушылар мұқият тексеріледі. Полиция қызметкерлері блокбекеттен өтпек болған көлікті тексеру кезінде 10-ға жуық аңшы пышағын, әсері жоғары психотропты дәрілерді тапты. Ал Атырау қаласының аумағында психотропты дәрі-дәрмектерді сатпақ болғандар ұсталды. Олардан 2 тапанша, 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты дәрі-дәрмектер тәркіленді», - деді Қ.Үмбетқалиев.

Бұдан бұрын Атыраудағы жаппай тәртіпсіздіктен 49 полицей мен 27 сарбаз дене жарақатын алғанын хабарлаған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521