Атырауда 35 жастағы ер адам заңсыз брондалған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) сатуға тырысқан. Бұл туралы 12 сәуір күні полицияға жедел ақпаратты Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы азаматқа тиесілі аталған әскери көлік табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Айта кетейік, Атырау облысы Полиция департаменті атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын жүргізуде.
Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеген.
Polisia.kz