Атырау полицейлері түн ортасында көпірден секірмек болған бойжеткенді құтқарды

(0 Votes)

Атырау полицейлері түн ортасында көпірден секірмек болғанбойжеткенді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 21 ақпанда болған.

«Жедел басқару орталығының қызметкерлері түнгі сағат 03:08 шамасында «Атырау» шағын ауданындағы көпір үстінде белігісіз әйел адамның көпірден секіргелі тұрғанын байқаған. Орталықтың кезекші инспекторы, полиция капитаны Гүлмира Таздарбаева бұл туралы жақын маңдағы патрульдік полиция баталонының «Батыс» экипажының қызметкерлеріне бағыттама берген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, полиция аға лейтенанты Ерболат Мағзомов көпірден секірмек болған 23 жастағы бойжеткенді құтқарып қалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Полиция аға лейтенанты Ерболат Мағзомовтың айтуынша, көпір үстінде тұрған адамды құтқару үшін шапшандық қажет болған. «Жедел хабарды естігенде, көпірге тезірек жетуді ғана ойладық. Бойжеткен көпір үстінде тұр екен. Сәл кешіккенде секіріп кетуі мүмкін еді. Жедел қимылдап құтқаруға кірісу қажеттігін түсіндім», - дейді полиция аға лейтенанты Ерболат Мағзомов.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521