Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік ел аумағынан шығарылды

(0 Votes)

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Бұған қоса өз еркімен ел аумағынан шығу жөніндегі сот шешімін орындамай жүрген Өзбекстанның 9 азаматы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қазір «Жалданушы – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын анықтау, шетел азаматтары жасаған қылмыстарды анықтау.

«Атырау қалалық полиция басқармасы мен Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасынан келген 37 адамның рұқсат құжатысыз әрі заңсыз жұмыс істеп жүргенін анықтады. Қазір шетел азаматтарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот шешімімен Өзбекстан Республикасының 14 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ, өз еркімен ел аумағынан шығу туралы сот шешімін орындамай жүрген өзбекстандық 9 азамат анықталды. Олар 19 қыркүйекте «Тәжен» бақылау бекеті арқылы ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылған.

«Шетелдіктің іс-әрекеттері мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету мүдделеріне қайшы келсе, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса, шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды. Шетелдік осы шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті», -деп мәлім департаменттің баспасөз қызметінен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика