Президенттің биылғы Жолдауында білім беру сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу және адами капиталды дамыту мәселелері ерекше назарға алынды. Бұл — еліміздің болашағына салынған стратегиялық инвестиция.
Білім саласын цифрландыру, педагогтердің кәсіби білігін көтеру, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту – қоғам сұранысына сай уақыт талабынан туындаған нақты қадамдар. Әсіресе жас ұрпақтың заманауи білім алуына тең мүмкіндік жасау – Жолдаудың маңызды бағыты.
Біз білім беру жүйесін жаңғырту арқылы бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыратынымызға сенеміз. Сондықтан Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға әрбір ұстаз, әрбір ата-ана, әрбір азамат өз үлесін қосуы маңызды.
Серікбаева Жансая,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі

