Жолдауда білім беру саласына көңіл бөлінді

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің дамуы үшін шешуші салалардың бірі – білім беру жүйесін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысының ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттыру, оқу бағдарламаларын заман талаптарына бейімдеу, ауыл мектептерінің инфрақұрылымын жақсарту және цифрлық білім беруді дамыту жөніндегі тапсырмалары – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Білім беру саласын қолдауға бағытталған жаңа реформалар жас ұрпақтың жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, цифрлық сауатты болуына жол ашады. Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру арқылы еліміз адами капиталды нығайтып, жаңа буын мамандарды қалыптастыруда айқын қадамдар жасайтыны сөзсіз.

Біз Мемлекет басшысының білім саясатын толық қолдай отырып, Жолдау жүктеген жауапкершілікті жүзеге асыруға дайынбыз. Сапалы білім – мықты мемлекет негізі.

Жансая Ринатқызы, 

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT