Алдымен тәрбиеден бастасақ, Президентіміздің Адал азамат, Адал адам, Адал табыс идеясын жүзеге асыру жолындағы халықтың белсенділігін арттыру көзделген. Оны «Бәріміз бір ұлт болып табанды еңбек етуіміз керек. Бұл баршаңызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет» деп айқындаған.
Салмақты жеті тақырыптың өн бойында «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», дегендей үкіметке берілген тапсырманы республика халқына берілген тапсырма деп қабылдауға тиістіміз. «Бұдан бөлек, үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын» дей келіп, «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс. Әкімдердің аймақтағы инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеу керек» деп қорытқан. Аудан тұрғындары да бюджетке төлем түсіру, яғни, инвестиция жасауға қаражат құюға өз үлесін қосу керек. Ол үшін әрқайсысымыз шаруамызды өркендету арқылы салық төлемімімізді молайтуға ұмтылуымыз қажет.
Бұл салада біздің ауданда өз деңгейінде өркендетуге толық мүмкіндік бар. Аудан әкімшілігі тарапынан жергілікті кәсіркерлерді қолдау және оларға еркіндік беру бүгінгі сұраныс деңгейінде деп толық айта аламын. Тәрбиенің бір парасы ауылшаруашылығын жаңа деңгейге көтеру тұрғысында – ол қаражаттың көлемінде емес, ең бастысы, оны тиімді пайдалану қажет дегені ысырапқа жол бермеу. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын үнемшіл болуға ынталандыратын жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық ережелер енгізу керек. Табиғи ресурстарды, әсіресе, суды үнемдеу мәдениетіне келсек, ол жағынан үлкен кемшілік бар екенін мойындауымыз қажет.
Атқарылатын жұмыс шаш-етектен» деп барша халықты ойландырып міндет белгілеген. Азаматтардың өндіріске баруы ел болашағына оң әсер тигізетіні баса көрсетілген. Тазалық мәдениеті, су ресуртарын қорғау, Қазақстанды жасыл елге жеткізу бағытында алар асуларды айқындаған жоба.Сондықтан ел өмірінде алар орны ерекше.
Өмірзақ Қажымғалиев,
Атырау облысы және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы.

